🔹Мектебімізде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай қазақтың біртуар азаматы, ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант күні өтті. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Коржумбаева М.К., Токтасынова Г.Т., Абильмажинова Л.К., Нурбекова А.Қ ұйымдастырып, жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен өткізді.
Мұғалімдер оқушыларға диктант мәтінін оқып, сауатты әрі көркем жазуға бағыт-бағдар беріп отырды. Сонымен қатар, Абай шығармашылығы, оның тіл мәдениетіндегі орны жайлы қысқаша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұл шара – жас ұрпақтың сауаттылығын арттырып қана қоймай, ана тілімізді құрметтеуге және рухани құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған маңызды қадамның бірі болды.
🔹Ко Дню языков народа Казахстана в нашей школе 5 сентября прошел открытый общеказахстанский диктант среди учащихся 9-11 классов, посвященный 180-летнему юбилею Великого поэта, мыслителя-ученого Абая Кунанбайулы. Организаторы мероприятия-учителя казахского языка и литературы: Коржумбаева М.К., Токтасынова Г.Т., Абильмажинова Л.К., Нурбекова А.К.
Также учителя провели краткую разъяснительную работу о творчестве Абая, его месте в языковой культуре. Данное мероприятие стало одним из важных шагов, направленных не только на повышение грамотности подрастающего поколения, но и на уважение родного языка и пропаганду наших духовных ценностей.