3 қазан күні Риода өткен олимпиаданың жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесу өтті. Қонаққа 2012 жылғы Олимпиада жеңімпазы, 2008 және 2016 ж. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпакова, 2008 және 2016 ж. Олимпиада ойындарының қатысушысы Екатерина Смирнова, 2016 ж. Рио Олимпиадасына қатысқан Лабутовтың жаттықтырушысы Кругликов келді.