“Спортта дарынды баларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі” КММ *Мұқағали Мақатаев -мәңгілік ғұмыр *тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді. Биылғы жылы жыр мұзбалағы, ақиық ақын М. Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.Сондай-ақ, «Адалдық сағатында» ақын шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке бастың қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды. Ақынның шығармаларын зерттей отырып, біз оқушыларды Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренуге шақырдық. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.
P/S: Келесі постта оқушыларымыздың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар💁🏻♀️