1-6 ақпан аралығында мектепте жаратылыстану пәндері бірлестігінің апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты – жаратылыстану бағытындағы пән сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру болды.
Апталық барысында ілген ашық сабақтар:
-Алгебра: Қысқаша көбейту формуласы 7К сыныбында А.Қаликанова;
-Физика: «Тоқтың жұмысы мен қуаты» 8БК сыныбында А.Бытыкова;
-Биология: «Сүйектердің байланысу типтері» 8АК сыныбында Н.Мамырбекова;
— Алгебра: «Тригонометриялық тепе-теңдіктер» 9АК сыныбында Г.Қайрақбаева;
-Химия: «Химиялық элементтердің электртерістігі» 8БК сыныбында Г.Ислямова өткізді.
Апта ағымында сонымен қатар сыныптан тыс іс- шаралар да жоспарланып өткізілді. «Жас физик зерттеуші», «Жас химик» видео конкурсы 7-9 сынып оқушылары арасында пән мұғалімдері А.Бытыкова мен Г.Тоқтағановнаның ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты:
Қазіргі заман талабына сай оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, өз біліктілігін көтеріп, өз ойын ашып айтуға оқушыларды ғылыми-шығармашылыққа баулу болды.
Ал апталық барысында ұйымдастырылған «Табиғат математикалық және геометриялық дәлдікпен жасалған…» фотоконкурсының қорытындысы бойынша 10 БК сыныбы «Табиғатты аяла» І орын, 8БК сыныбы «Жер Ананы аяла» 2 орынды иеленді.
Информатика пәні бойынша Қабылшай Б ұйымдастыруымен 8 АК, 8БК сынып оқушылары арасында «Жүзден- жүйрік, мыңнан- тұлпар» білім сайысы да өте тартымды өтті. Сайыс барысында екі топтың оқушылары өз білімдерінің тереңдігін көрсетті. Ал география пәнінен «Географиялық алаң» атты сайыс оқушылардың материктер мен мұхиттар туралы білімдерін шыңдай түсті.
Апталық барысында информатика пәні бойынша 7-11 сыныптар арасында өткен олимпиадаға оқушылар қатысып логикалық ойлау, теориялық және тәжірибелік білімдерін шыңдады. Олимпиада CLASSROOM формасында қашықтықтан өтті.