Перейти к содержимому

Ұлы жеңістің 76 жылдығына арналған тәрбие сағаты 8АК сыныбы Сынып…

  • автор:

Ұлы жеңістің 76 жылдығына арналған тәрбие сағаты
8АК сыныбы
Сынып жетекшісі: Қабылшай Б.
9 мамыр! Бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн… Бұл күн-сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Бұл күн — қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен ағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні… Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды, әпкелерімізді сарыла күткен сағыныш күні… Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау біздің басты борышымыз!
Ұлы жеңіске бүгін 76 жыл болды, осы 76 жыл ішінде ғана емес, ғасырдан ғасырға жалғасып, батылдық пен батырлықтың символы ретінде тарихта қалатын жайт. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы ешқашан да өшпейді. «Елің үшін отқа түс – күймейсің» дегендей, сол кездегі қасық қаны қалғанша күрескен ардақты ерлерді туған елі ешқашан ұмытқан да емес, ұмытпақ та емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *