Қай уақытта болмасын отбасының адамзат ұрпағына ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған. Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған. Мектеп-интернат қабырғасында 7-9 сыныптар арасында «Менің отбасымның жәдігері» атты презентация конкурсы өткізілді. Бұл сайысқа оқушылар белсене қатысып, қызықты тарихы бар жәдігерлерді өз презентацияларында көрсетті. Конкурс байқауының қорытындысы:
1 орын Раструба Денис -10 а сыныбы (фристайл)
2 орын Жапаров Мади – 8 б сыныбы (шайбалы хоккей)
2 орын Красикова Кристина – 8 а сыныбы (семсерлесу)
3 орын Закарьянов Тамерлан – 8 б сыныбы (шайбалы хоккей)
3 орын Худяков Роман – 8 б сыныбы (шайбалы хоккей)
3 орын Бақытбекқызы Әмина – 10 бк сыныбы (волейбол)
Жалғасы 👇👇👇👇