Перейти к содержимому

1989 жыл ақпан айының 15-де талай аналарымызды перзентінен айырған, мыңдаған…

  • автор:

1989 жыл ақпан айының 15-де талай аналарымызды перзентінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы "Ауған соғысы" аяқталған болатын.
Жылдар өткенмен де жауынгерлердің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінгі кешімізде Ауған соғысының қиын жолдарынан өткен сарбаздардың ерлігін еске алып, құрмет көрсетеміз.
Сол азаматтардың бірі, кешіміздің қонағы Рамазанов Сағымбай Рамазанұлы 13.11.1961 жылы ,Ұлан ауданы , Манат ауылында дүниеге келген. 1980 жылы әскер қатарына шақырылып, 1980-1982 жылдар аралығында Ауғанстан жерінде азаматтық борышын өтеп қайтқан.
Ардагер ағамыз, бүгін біздің мектеп-интернаты жатақханасының тәрбиеленушілерімен кездесіп, Ауған соғысы туралы қысқаша мәліметтер берді. Еліміздің мақтанышын спорт ареналарында паш ететінін жастарымызға ақыл кеңесіңізді бергеніңізге рахмет!
Бұл кездесу жатақхана балалары үшін үлкен тәрбиелі мәні зор мағаналы іс-шара болды деп есептейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *