Перейти к содержимому

«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»КММ-нің оқушылары…

  • автор:

"Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі"КММ-нің оқушылары Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтайды!💐💐

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!!!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

Шын жүректен Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Көктемгі күндер Сіздерге денсаулық, табыс, қуаныш, береке алып келсін! Әрбір арайлап атқан таң шапағат нұрын сыйласын!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!💐💐💐

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *