14.04.23
Тарих пәні мұғалімі Г.Ә. Оспанғалиеваның @gulnaralimkhan ұйымдастыруымен мектебімізде алғаш рет мұғалімдер арасында « Мұғалімдік — ең беделді мамандық» тақырыбы аясында пікірсайыс негізінде шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағаттың мақсаты: Мектеп мұғалімдері арасында ынтымақтастықты арттыру. Пікірсайыс мәдениетін дамыту.
Пікірсайыс екі фракция спикерлері арасында болды. Қыран және Жалын фракциялары. Қыран фракциясы лидері ұсынған қарарды екі фракция спикерлері талқылап, талдады. Талқылау барысында екі жақтан да дәйекті аргумент, аргументке фактілер келтірілді.
Пікірсайыс өте қызықты да мағыналы, жоғары деңгейде өтті! Қорытынды сөз төрешілер алқасына беріліп, спикерлер номинациялармен марапатталды!
@aizhanbytykova
@ertis_kyzyrkhan
@gulya.altai
@didar.kalabaev
@beisen_kabylshaiuly
@baekinamadina
@zarina_toleykhan