Тәрбиенің бір бағыты- баланы еңбекке тәрбиелеу болса, нағыз еңбектің нәтижесі баланың бал-бұл жанған жүзі десек қателеспейміз. Осы күндердің нағыз шырайы- мектеп ауласында шат-шадыман бала күлкісімен өңі кіретін оқушыларымыздың күзгі жәрмеңкесі болып табылады.Бұл күні мектеп ауласына қаз қатар тізілген үстелдер, түрлі-түсті бояулар нақышында салынған суреттер мен сатушы бейнесін сомдайтын оқушылар мен сынып жетекшілер қызу жұмыс жасайды. Ең бастысы- бұл күні Үштік Одақтың тығыз байланысы орын алады. Яғни, жәрмеңкеде мектеп- ата-ана және оқушының бірлескен жұмысын көруге болады.