Перейти к содержимому

🔹2024 жылдың 24-қаңтарында мектептің мәжіліс залында «Түлектер — біздің мақтанышымыз»…

  • автор:

🔹2024 жылдың 24-қаңтарында мектептің мәжіліс залында «Түлектер — біздің мақтанышымыз» атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — бүгінгі буынға алдыңғы толқын ағаларды үлгі ету, мамандықты жүрек қалауымен таңдауға үйрету, азаматтық позициясын қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, туған өлкесіне оралу, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Кездесуге келген түлектерді оқушылар ерекше ықыласпен қарсы алды. Залда көңілді әуен ойнап тұрды.
Шәкірттеріміздің жүзінен қуаныш пен ерекше толқынысты байқадық. Әр түлек өзін таныстырып, бүгінгі таңда қандай жетістікке жеткенін әңгімеледі. «Интервью» әдісі бойынша мектеп парламенті түлектермен сыр-сұхбат жүргізді. Оқушылар түлектермен бірге ойын ойнады. Арасында өз өнерлерін де көрсетті. Түлектер өз бастарынан кешкен қызықты сәттерді, мектеп, жатақхана қабырғасында өткен күндерді сағынышпен еске алды. Іздерінен еріп келе жатқан бүгінгі жас өренге спорт пен білімді қатар алып жүруді, мамандық таңдауда қателеспеу керек екендігін айтты. Түлектер екінші анасындай болып кеткен тәрбиешілерге алғыс айтып, жүрек жарды сезімдерін жеткізді. Осындай кезде жанарымызға жас үйіріліп, көңіліміздің ерекше толқығаны да рас.
Болашақ өмірге жолдама беріп, жол сілтеп, бағыт көрсеткен шәкірттеріміздің бүгінгі жетістігі — біздер үшін, тәрбиешілер үшін де үлкен мәртебе. Алтын ұямыздан қанат қағып, бүгінде еліміздің әр түкпірінде ел игілігіне қызмет етіп жүрген шәкірттерімізді көріп, көңіліміз толқыды, жүрегімізді мақтаныш сезімі кернеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *