Перейти к содержимому

Мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық…

  • автор:

Мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығына экскурсиға барды. Аталған шараны педагог-психолог,әлеуметтік педагог және интернат менгерушісі ұйымдастырды.
Оқушыларға 5 көрме павильоны,хайуанаттар бағы, ботаникалық саябақ,этнографиялық кешен, залдардың барлығына экскурсия жүргізілді. Олар ғимаратқа кірісімен керемет қөніл-күй мен келіп, таң-тамаша болды. Балалар тарихи жәдігерлерге, мәдени мұраларға асқан қызығушылық танытып, музей қызметкерлеріне сұрақтарын қойды.
Біз өз тарихымызды білуіміз керек. Мен тарихты қызығып оқимын. Бұл – өте маңызды. Алдағы уақытта тарихпен байланысты қойылымдарды, театрларды көргім келеді, – дейді 7 «Қ» сынып оқушысы Серікболов Сұнкар.
– Балалар мәліметтерді ауызша тыңдағанға қарағанда, осылай өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстағаны әлдеқайда артық. Бұл – оқушының көзқарасының дамуына, ойлау кеңістігінің артуына алып келеді. Бүгін біз үш сабақты тоғыстырып отырмыз. Олар – ғылымға кіріспе, тарих, жаратылыстану.
Жетекшілерінің айтуынша, оқушыларды музейге апару арқылы олардың ғылымға, білімге, тарихқа деген құштарлығын ашуға болады. Оған қоса бұндай шаралар балалардың бойында елге, жерге деген отансүйгіштік сезімін тәрбиелейді.
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы басшысына Тен Арсен Владимировичке алғысымыз шексіз @shqoem

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *