🔹24.11.2014 күні жатақхана тәрбиеленушілері арасында демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында “Қазақтың ұлттық ойындары” тақыбында сергіту сабағы өткізілді. Асық ату, ләңгі ойыны, аударыспақ, арқан тарту, бес тас ойындары жайлы мағлұматтар беріліп, оқушылар арасында ойындар ойнатылды.
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындар туралы мәлімет бере отырып, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жауапты тәрбиешілер: Ахметова Г. К, Кумашева Г. Б, Серьянов Е.Н, Актасов Ж.А