🔹Желтоқсан айының 8-жұлдызында мектеп-интернат оқушыларына орыс және қазақ тілдерінде “Нашақорлыққа жол жоқ!” атты тренинг өтті. Жауапты тәрбиешілер — Асқабылова Ф.М., Чингаева Г.М., Жумагулов Б.Т., Нұрмұхаметова М.И. Тренинг мақсаты: Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарылату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту. Есірткі туралы видеоролик көрсетілді. Арнайы дайындалған сұрақтар арқылы сұхбат жүргізілді.
Есірткі атауы қайдан шыққан? Грек тіліндегі ұйқы мағынасын білдіретін “nerke” сөзі ағылшын тілінде “narkotik” деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру мағынасын береді. Жалпы айтқанда, есірткіні тұтынған адам да тұман ішінде қалықтап жүргендей күй кешеді.
“Даулы бекітілім”, “Өрмекші торы”, “Тілектер” жаттығулары бойынша оқушылар тапсырмалар орындап, тренингке белсенді қатысты.
Дүниедегі ең қымбат сыйлық — адам өмірі. Сенің өмірің өз қолыңда, сен өз өміріңді спортқа, салауатты өмір салтына бағыттау арқылы өміріңді өзгерте аласың деген кеңестер берілді.
Тренинг қорытындысы: Оқушылар нашақорлықтың зардаптары туралы білді. “Салауатты да сау қоғамда өмір сүрейік!”, “Спорт — біздің серігіміз”, “Нашақорлыққа жол жоқ!” деген тілектер айтылды.