Перейти к содержимому

🔹Бүгін ШҚО полиция Департаментінің өкілдерімен “ Есірткі заттарының заңсыз айналым…

  • автор:

🔹Бүгін ШҚО полиция Департаментінің өкілдерімен “ Есірткі заттарының заңсыз айналым саласындағы құқықтық салдарын түсіндіру” тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара нашақорлық,жастар арасындағы есірткі қылмысының мәселелерін талқылауға,қоғамда оған деген төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

Кездесуді мектеп директоры Әділ Әбдығалиев ашып, осы мәселенің алдын алу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Полиция әрқашан есірткіге қарсы күресте алдыңғы қатарда, біздің міндетіміз-азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда бұл қауіптің таралуын болдырмау — деп атап өтті Өскемен қаласы КПБ Ертіс полиция бөлімінің жедел уәкілі,полиция капитаны Рахымбаев Раджан. Ол сондай-ақ барлығын есірткі граффитиімен және есірткі саудасының басқа көріністерімен белсенді күресуге шақырды.
Сондай-ақ, есірткіге қарсы бағыттағы әлеуметтік бейнероликтері, кинологиялық қызметтің көрсетілімдері көрсетілді.

Іс-шараның соңында Өскемен қаласы полиция басқармасының Сол жағалау полиция бөлімі басшысының орынбасары полиция майоры Дәурен Балыкшинов 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды, Алматы және Қостанай академияларына түсу үшін кандидаттарды іріктеу бойынша оқушыларға кәсіби бағыт бағдар беру сөзімен аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *