Перейти к содержимому

🔹«Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі» атты аттестаудан өтетін мұғалімдердің…

  • автор:

🔹«Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі» атты аттестаудан өтетін мұғалімдердің онкүндігі аясында 17.12.2024ж. Информатика пәнінің мұғалімі Қабылшай Бейсен «Кестелік деректерді графикалық ұсыну » тақырыбында 7 «К» сынып окушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ блум таксономиясының 6 деңгейі сақтала отырып жоғары деңгейде ұйымдастырылды, сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалып әр тапсырма дескрипторға сай бағалау критерийі бойынша оқушылар өздерін бағалап отырды. Сергіту сәті сабақ тақырыбына сай қызықты ұйымдастырылды. Сабақ басынан сабақ соңына дейін әр түрлі платформалар және жасанды интеллект пайдалану арқылы дайындалған тапсырмалар оқушылардың қызығушылығымен танымдық белсенділіктерін арттырды. Ашық сабақ «Өте жоғары» деңгейде өтті деп бағаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *