09.02.2025 жылы А.С.Пушкина атындағы кітапханада жатақхана тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Цифрлық диета» тақырыбы бойынша танымдық сағаты өткізілді. Балалар телефон мен компьютердің зияны және кітап оқудың пайдалы жақтары жайлы ойын түрінде ақпарат алды. Балалар ойын барысында қызықты сұрақ қойып, өз пікірлерін білдірді. Бұл шара балалардың кітапқа қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар бос уақыттарын саналы да пайдалы түрде өткізуге үйретуге бағытталған.
Жауапты тәрбиешілер: Дукешова Қ.С., Толыбаев А.Р., Кемешева М.М., Қалдыбаева М.Ф.