Перейти к содержимому

🔹20.02 25 Мектебіміздегі “ Жас маман” апталығы аясында “ “Үйренейік,ізденейік…

  • автор:

🔹20.02 25
Мектебіміздегі “ Жас маман” апталығы аясында “ “Үйренейік,ізденейік “Жас маман” “ тақырыбы негізінде оқу ісінің меңгерушісі Н.М Нұрсұлтанованың ұйымдастыруымен, тәлімгерлер және әдістемелік бірлестік жетекшілері: Л.Қ. Абилмажинова., Г. К. Кайракбаева., Г.А. Оспангалиева., А.А.Оразбаева., А.Т. Джурбаева жас мамандарға тренинг өткізді.
Тренинг барысында жас мамандарды үш топқа бөліп, оқушы,ата ана, мұғалім тараптарына арналған жағдаяттық сұрақтардан тұратын тапсырмалар және жас мамандардың оқыту үрдісінде сабақты құру дағдыларың дамыту мақсатында “ Дескриптор” жайлы түсініктемелік ақпарат ұсынылып, логикалық тапсырмалар берілді.
Жас мамандар тәжірибелі, алдыңғы буын, аға ұстаздардың өткізген шарасына өте белсенді қатысып, үлкен қызығушылық таңытты. Жас мамандар өз кері байланыстарында тренингтің сапалы, мазмұнды, пайдалы, өте жоғары деңгейде өткенің атап кетті.
Тренингке іріктеліп алынған тәсіл, әдістер өз тиімділігін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *