🔹🌷«Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз.
🌷Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелеген, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтін жандардың бірі – тәрбиеші.
🌷Мектеп — интернатымыздың алғашқы зейнеткер тәрбиешісі: Мерекенова Бакытгүл Мұхамеджановна және Құрмекешова Альмира Тоқтағановнаны Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап қайттық. Сұхбат барысында балалардың қойған сауалдарына жауап беріп, жылы лебіздерімен бөлісті.
🌷Құрметті Бақыт апай және Альмира апай сіздер әрбір баланы «жүрегімнің бөлшегі» деп бағаладыңыздар. Балаға қатал болуды да, кешірімді болуды да, мейірімді болуды да үйреттіңіздер. Ұжым атынан сіздерге тілеріміз, жұлдыздарыңыз жоғары, мерейлеріңіз үстем болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз!
Кездесуді ұйымдастырған тәрбиешілер:
Толыбаева А.Р., Дукешова Қ.С., Кемешева М.М., Қалдыбаева М.Ф.