Перейти к содержимому

🔹Қай заманда да спорт бейбітшілік пен достықтың елшісі болып саналған.…

  • автор:

🔹Қай заманда да спорт бейбітшілік пен достықтың елшісі болып саналған. Сонау Қажымұқан бабамыздан бастау алатын қазақ спорты бүгінде әлемдік деңгейге көтерілді. Осы дәстүрді спортты өмір салтына айналдырған біздің мектеп-интернат-колледжіміздің жас өрендері де жалғастырып келеді. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне байланысты мектеп-интернат оқушылары арасында “Спорт — достықтың жаршысы” атты қызықты эстафета өтті. Тартысты өткен эстафетада “Барыс” командасы бас жүлдеге ие болды. “Сұңқар” командасы да өз шеберліктерін көрсетті. “Тұлпар” және қыздардан құралған “Алтай” командалары өзара бәсекеге түсіп, эстафета мәресін қыздырды. Осындай ойындар оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, өз өмірінде спортты серік етуге баулитыны ақиқат. Ендеше осындай жарыстар көбейе берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *