🔹2025 жылғы 2–4 мамыр аралығында Греция 🇬🇷 (Ларисса) қаласында 🤼♂️грек-рим күресінен U15 жасөспірімдер арасында «Ахиллея» халықаралық турнирі өтті. Бұл беделді жарыста мектебіміздің спортшысы 🔹Сарсенбай Сұлтанбек 48 кг салмақ дәрежесінде күміс 🥈жүлдегер атанды.🎉
🔹Жаттықтырушылары: Қуанышұлы Арман және Жуманов Елдос.
Сұлтанбектің бұл жетістігі халықаралық деңгейдегі жарыстарда Қазақстанның намысын абыроймен қорғап жүрген жас спортшыларымыздың әлеуетін көрсетеді. Оның табандылығы мен жаттықтырушыларының еңбегі зор мақтауға лайық.
Спортшымыз бен жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! 🎉