Перейти к содержимому

🎓📚 Курстық жұмыстарды қорғау – кәсіби болашаққа жасалған маңызды қадам!…

  • автор:

🎓📚 Курстық жұмыстарды қорғау – кәсіби болашаққа жасалған маңызды қадам!

📅 2026 жылғы 1 маусымда Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маңызды әрі толғанысқа толы күн өтті. 23ТПС-3 тобының түлектері «Педагогика» пәні бойынша курстық жұмыстарын сәтті қорғады! 🎉

🏅 Студенттер «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алуда және «Спорт жаттықтырушысы-оқытушысы» біліктілігін меңгеруде.

📖 Әрбір болашақ жаттықтырушы аттестаттау комиссиясының алдында өзінің ғылыми-зерттеу жұмысын таныстырып, білім деңгейін көрсетті. Бұл жай ғана емтихан емес, педагогикалық әдістерді спорт саласында тиімді қолдана білу, талдау жасау және ғылыми ізденіс жүргізу қабілеттерін дәлелдейтін маңызды кезең болды.

✨ 23ТПС-3 тобының барлық студенттері қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындап, курстық жұмыстарын сәтті қорғады! Қорғау нәтижесі олардың ғылыми-зерттеу және практикалық қызметке толық дайын екендігін көрсетті.

👏 Курстық жұмыстарын табысты қорғаған түлектерімізді шын жүректен құттықтайм