Перейти к содержимому

💙 «Менің отбасым — менің тірегім!» Отбасы – адам баласының…

  • автор:

💙 «Менің отбасым — менің тірегім!»
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, жылы ұясы және ең сенімді тірегі. Әрбір жетістіктің бастауында, спорттағы жеңістер мен биік асуларда бізге күш беріп, қанаттандыратын — асқар тау әкеміз, аяулы анамыз бен бауырларымыз.
✨ Халықаралық Отбасы күніне орай біздің мектеп-интернат-колледжіміз «Менің отбасым — менің тірегім» атты онлайн-акциясын жариялайды!
Біздің тәрбиеленушілерімізді, спортшыларымызды, ата-аналар мен жаттықтырушыларды осы тамаша акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Қалай қатысуға болады?
1️⃣ Өз парақшаңызда отбасыңызбен түскен жылы фотосуретті немесе қызықты қысқа видеоны (Reels) жариялаңыз.
2️⃣ Сипаттамасына отбасыңыз туралы бірнеше жылы лебіз жазып, #МеніңОтбасымМеніңТірегім ресми хэштегін міндетті түрде қосыңыз.
3️⃣ Біздің парақшамызды белгілеуді ұмытпаңыз!
Ең әсерлі әрі ерекше жарияланымдар біздің сторис пен таспамызда жарық көреді.
🏆 Отбасы — бақыт мекені! Шаңырақтарыңыз шаттыққа, береке мен бірлікке толсын!