🔹Бүгін мектебіміздің қабырғасында «Спорт мектебі жағдайындағы білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарды еңсеру тәжірибесі» атты облыстық семинар жоғары деңгейде өтті! ШҚО білім басқармасының «Өркен» ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шараға облыстың түпкір-түпкірінен 50-ге жуық әріптесіміз қатысты. Семинар аясында біздің педагогтар спорт пен білімді ұштастырудың заманауи әдістерін: авторлық бағдарламалар мен инновациялық технологияларды ортаға салды. Қонақтарға мектебіміздің 16 білікті спикері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен мастер-кластар өткізді. Кәсіби диалог, жылы кездесу және тәжірибе алмасу алаңына айналған бүгінгі күн баршамызға жаңа шабыт сыйлады.Бізбен бірге болған барша әріптестерге алғыс айтамыз!
🔹Областной семинар прошел на высшем уровне! 🏆Сегодня на базе нашей школы состоялось значимое событие — областной семинар на тему «Опыт преодоления новых вызовов системе образования в условиях спортивной школы». Совместно с научно-методическим центром «Örken» мы приняли около 50 коллег со всех уголков Восточно-Казахстанской области.В рамках программы наши педагоги представили авторские проекты и мастер-классы, демонстрируя уникальный опыт интеграции спорта и академического образования. Мы открыто поделились наработками в области цифровых технологий, функциональной грамотности и асинхронного обучения.Благодарим всех участников за активный профессиональный диалог и высокую оценку нашего труда. Вместе мы создаем качественное будущее для наших чемпионов!