🔹Іс-шараның тақырыбы: “Ана — өмір шуағы”.
Мақсаты — Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар туралы, оларға арналған мерекеге байланысты түсінік беру. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұжымда өнегелі еңбегімен көзге түсіп жүрген асыл аналарды мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсету.
Іс-шараның түрі — мерекелік құттықтау.
Іс-шара мерекелік құттықтау түрінде өтті. Оқушылар күн сайын дәмді ас дайындайтын асхана қызметкерлерін, қырағы көз күзетші Күзембаева Альмираны, медбике Салтанат Қабдешқызын мерекемен құттықтап, өз өнерлерін көрсетті. Осындай абзал жандарға қырмызы қызғалдақтарды тарту етті. Шынайы жүрекпен алғыс айтты. Мерекелік құттықтау асыл аналарымызға жылы әсер қалдырды. Жауапты тәрбиешілер: Құмашева Г.Б., Бекбаева Г.Ш., Нұрмұхаметова М.И., Ақтасов Ж.А.