🌸 8 Наурыз мерекесіне арналған концерт 🌸
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. 💐
Алдымен мектебіміздің ер азаматтары нәзік жандыларды 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, арнайы сыйлықтарын табыстады. 🌷
Мерекелік шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Оқушыларымыз сахнада өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, әсерлі қойылымдар ұсынды. 🎤🎶
Сонымен қатар, қаламыздан арнайы келген жас өнерпаздар да концертке қатысып, өздерінің жарқын өнерлерін тарту етті. 🌟
Кеш өте әсерлі әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, барлық көрермендерге ұмытылмас мерекелік атмосфера сыйлады. 🌷
Барша қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз! 🤍
🌸 Мереке құтты болсын! 🌸
🌷 Праздничный концерт к 8 Марта 🌷
Сегодня в
Коммунальном государственном учреждении
«Восточно-Казахстанская областная специализированная школа-интернат-колледж олимпийского резерва для одарённых в спорте детей»
Управления физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области
состоялся праздничный концерт, посвящённый Международному женскому дню – 8 Марта. 💐
В начале мероприятия наши мужчины поздравили всех женщин с праздником 8 Марта, сказали тёплые слова и вручили им подарки. 🌸
Мероприятие прошло на самом высоком уровне и подарило зрителям прекрасное настроение. Наши ученики выступили с яркими творческими номерами: звучали песни, были представлены танцевальные выступления и интересные сценические постановки. 🎤🎶
Также на концерт приехали молодые артисты из города, которые порадовали всех гостей своими выступлениями. 🌟
Праздничный вечер прошёл в тёплой и душевной атмосфере, подарив всем присутствующим радость и весеннее настроение. 🌸
Благодарим всех участников и организаторов за прекрасный праздник! 🤍
💐 С праздником! 💐