📚 Педагогикалық кеңес өтті
Кеше «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» педагогикалық кеңес өткізілді.
📝 Педсоветтің негізгі тақырыбы —
білім сапасы мен оқушылардың оқу үлгерімі, 2-тоқсанның қорытындысы.
🔍 Кеңес барысында:
▪️ білім беру үдерісінің нәтижелері,
▪️ оқушылардың оқу жетістіктері,
▪️ алдағы кезеңге қойылатын міндеттер мен жоспарлар жан-жақты талқыланды.
💡 Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.
✨ Бұл педагогикалық кеңес оқу үдерісін жетілдіруге, оқушылардың білім деңгейін одан әрі көтеруге арналған маңызды алаң болды.
🚀 Білім сапасы — жарқын болашақтың кепілі!