🏆 СПАРТАКИАДА – БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІК МЕРЕКЕСІ 🏆
Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде
қызметкерлер мен ұжымдар арасында дәстүрлі Спартакиада жоғары деңгейде өтті 💪🔥
Спартакиада бағдарламасына келесі спорт түрлері енгізілді:
🏐 волейбол (аралас команда),
🪢 арқан тарту,
🎯 дойбы,
🎉 көңілді старттар.
Жарыс барысында қатысушылар өзара ұйымшылдықты, шынайы бәсекелестікті және жоғары спорттық рухты көрсете білді. Әр команда жеңіске деген жігерімен, бірлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті 👏
🥇🥈🥉 Жеңімпаз және жүлдегер командалар
арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен, сондай-ақ демеушілер тарапынан бағалы жүлделермен марапатталды.
Сонымен қатар, ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды 🎁📜
Мұндай спорттық шаралар ұжым арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен серпін береді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта да жеңістеріңіз көп болсын! 💥🏅
Спорт – бірлік, спорт – жеңіс, спорт – өмір! 💙🤍