🥋 Таеквондодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы «PAVLODAR OPEN» ашық республикалық турнирі
Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі спортшылары жүлдемен оралды!
📍 Өткізілген орны: Павлодар қаласы
📅 Күні: 2026 жылғы 8–11 қаңтар
👥 Жас санаты: 15–17 жас
🏆 Жарыс нәтижелері:
🥈 Даниярұлы Темірлан — 45 кг, II орын
🥉 Аманкелді Алихан — 51 кг, III орын
🥉 Арланов Владимир — 73 кг, III орын
🥉 Маратұлы Нұрсұлтан — 78+ кг, III орын
💪 Бұл турнир – спортшыларымыздың табандылығы мен қажырлы еңбегінің айқын нәтижесі. Әр жекпе-жекте олар өздерінің шеберлігін, мінезін және жеңіске деген жігерін көрсете білді.
👏 Жүлдегер спортшыларымызды, бапкерлерді және қолдау көрсеткен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!
🏅 Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер күтеміз!
#PavlodarOpen
#Таеквондо
#ЖасСпортшылар
#Жеңіс
#СпортБіздіңӨмір
#ШҚООРМИК
