Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 22–25 желтоқсан күндері өткен «Bebras» информатика пәні бойынша республикалық ойын-конкурсында
«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🏆 III орын иегерлері:
• Әділбек Елнұр
• Кусаинов Қайнар
• Алтаева Медина
Оқушыларымыздың жетістігі — олардың ізденісі мен еңбегінің, сондай-ақ сапалы білім мен жүйелі дайындықтың айқын дәлелі. Бұл жеңісте пән мұғалімі Қабылшай Бейсеннің кәсіби шеберлігі мен еңбегінің үлесі зор.
Жүлдегер оқушыларымызды және жетекші ұстазды құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 🎉📚
