Жеңіл атлетика және семсерлесу бөлімдерінің кешегі кешкі жаттығуы
Кешкі жоспарлы жаттығу барысында спорт бөлімі тарапынан тексеру жүргізілді. Жаттығу процесінің ұйымдастырылуы, спортшылардың тәртібі мен дайындық деңгейі назарға алынды.
Тексеру жұмысына спорт жөніндегі әдіскер Қасымова А. қатысып, оқу-жаттығу процесінің талаптарға сай жүргізілуін бақылап, тиісті ұсыныстарын білдірді.
Жүйелі жаттығу мен тұрақты бақылау — жоғары нәтиженің кепілі. 💪🏃♂️🤺