Перейти к содержимому

📌 ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ Бүгін Спортта дарынды балаларға арналған…

  • автор:

📌 ТӘРБИЕ – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ

Бүгін
Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде
Өскемен қаласы прокуратурасының өкілі – прокурор қонақ болып, білім алушылармен маңызды тәрбиелік кездесу өткізді.

Кездесу барысында прокурор жасөспірімдерге:
⚖️ заң талаптары,
🚫 есірткі заттарының зияны,
🛑 ұрлық пен құқықбұзушылықтың салдары,
❌ буллинг пен теріс әрекеттердің қоғамға тигізер зияны туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, нақты өмірлік мысалдар арқылы оқушыларға ой салынды.
Балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды.

Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, дұрыс өмірлік таңдау жасауына үлкен ықпал етеді.

✅ Заңды білу – қауіпсіз болашақтың кепілі!

#ТәрбиеСағаты
#ҚұқықтықСауаттылық
#БолашақҰрпақ
#ЗаңЖәнеТәртіп
#Өскемен