✨ Кеше кешкісін маңызды кездесу өтті ✨
Кеше Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында ата-аналар мектеп өміріндегі маңызды бағыттармен танысып, өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды 🤝
📚 Қаралған негізгі мәселелер:
✔ 1-жартыжылдық бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы
✔ Оқушылардың қауіпсіздігі және профилактикалық жұмыстар
✔ Ұйымдастыру мәселелері және ата-аналармен кері байланыс
Әр баланың жетістігі – ұстаз бен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі екені тағы бір мәрте дәлелденді 💫
Осындай кездесулер өзара түсіністікті нығайтып, балаларымыздың жарқын болашағына бірге қадам жасауға жол ашады 💙
Жиналысқа белсенді қатысып, қолдау көрсеткен барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!