🔹Бүгін интернатымызда тәрбиеленушілер ақиық ақынның 95
жылдығына орай өткізіліп жатқан апталықтың жоспарына сәйкес «Мұқағали» фильмін тамашалады.
Бұл тек фильм емес — поэзияға, өмірге, шындық пен сезімге жасалған сапар болды. Экраннан — ақынның өмірі, ал жүректерде — ой, сұрақ, сезім қалды. Бұл фильм поэзияның, тек кітапта емес, өмірдің өзінде бар екенін керсетті.
Мұқағали — өткеннің емес, бүгіннің де дауысы. Балалар кинодан алған әсерлерімен бөлісті, осындай рухани сәттер жас ұрпақтың жүрегінде өшпес із қалдырады.
Мұқағали ақынның тағдыры арқылы оқушылар өнердін қадірін, сөздің салмағын, адам жанының терендігің сезіне алды деп ойлаймыз.
Жауапты тәрбиешілер:
Дукешова Қ.С., Тартаева З.К., Толыбаева А.Р., Аскабылова Ф.М.