🎄🎁 Ғажайыпқа толы Жаңа жыл — жарқын әсерлер мен қуанышқа толы мереке! 🎁🎄
Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Президентінің атынан және облыс әкімінің ұйымдастыруымен өткен
«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шараға мектебіміздің 7 «К» сынып оқушылары — Қадыр Азат пен Қосылханова Аружан қатысып, ерекше жаңа жылдық көңіл күйдің куәгері болды.
✨ Балалар үшін ұйымдастырылған бұл мерекелік кеш ертегіге толы атмосферасымен, шаттыққа бөленген сәттерімен есте қалды.
🎁 Мереке аясында оқушыларымызға тәтті сыйлықтар мен қаржылай сертификаттар табысталды.
🌟 Осындай игі бастамалар балалардың бойына қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың жаңа жылға деген сенімін, арман-мақсатын арттыра түсті.
🎉 Оқушыларымызды қуанышқа бөлеген ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
Жаңа жыл барша балаға бақыт, шаттық пен жарқын болашақ әкелсін! 🎊

