📚🤖 Педагогикалық ұжымға арналған әдістемелік кеңес өтті
2025 жылғы 29 желтоқсанда педагогикалық ұжым үшін
«Жасанды интеллект — педагогтың жаңа мүмкіндіктері мен цифрлық көмекшісі» тақырыбында әдістемелік кеңес ұйымдастырылды.
🗂 Әдістемелік кеңес аясында күн тәртібімен және білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолданудың өзектілігімен оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Кокчаева Ж. М. таныстырды.
🎤 Кеңес барысында педагогтер төмендегі тақырыптарда мазмұнды баяндамалар жасады:
🔹 Жәнібек З. Т. — «Жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу»
🔹 Нурмухаметова М. М. — «Информатика сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану»
🔹 Бытыкова А. М. — «Жасанды интеллектпен практикалық жұмыс»
💡 Іс-шара барысында жасанды интеллекттің оқу сапасын арттырудағы рөлі, мұғалім жұмысына жеңілдік әкелетін цифрлық құралдар және оларды сабақта тиімді қолдану жолдары талқыланды.
✨ Әдістемелік кеңес педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
🚀 Болашақ білім — цифрлық технологиямен бірге!