🏫 Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде спорт залы мен интернаттың жатақханасына толық санитарлық өңдеу жүргізілді.
🧼 Спорттық құрал-жабдықтар, жаттығу алаңдары, сондай-ақ жатақхана бөлмелері мен ортақ пайдалану орындары талапқа сай дезинфекциядан өтті.
💪 Бұл шаралар спортшыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
✨ Тазалық пен тәртіп — жоғары нәтижеге жетудің, салауатты өмір салтының маңызды негізі.
🏆 Біз әрдайым тәрбиеленушілерімізге қауіпсіз, жайлы және заманауи жағдай жасауға ерекше мән береміз.
#спортинтернат #тазалықкүні #спортзал
#жатақхана #денсаулық #жасспортшылар
#тазалықпентабыс #спортөмірі