✨🇰🇿 Өскемен қаласындағы Жекпе-жек сарайында Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Кубогінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті!
🏆🎉 Осы маңызды шараның салтанатты бөлігінде
«Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»
волейбол бөлімінің қыздарына өңіріміздің 12 ауданын алып шығу құрметі бұйырды.
👟💙 Қыздарымыз ашылу рәсімін үлкен жауапкершілікпен, әдемі үйлесімділікпен және жоғары деңгейде атқарып, бүкіл залдың ыстық қолдауына ие болды.
✨ Бұл — біздің мектебіміздің тәртібі, ұйымшылдығы мен спорттық рухының айқын көрінісі!
Жас спортшыларымызға тек жеңіс, тек биік шыңдар тілейміз! 💪🔥
📸💛 Бізбен бірге болыңыздар — алда әлі талай жарқын жаңалық!