Перейти к содержимому

🔹2025 жылдың 30 қараша күні интернат тәрбиешілері мен Абай атындағы…

  • автор:

🔹2025 жылдың 30 қараша күні интернат тәрбиешілері мен Абай атындағы ШҚГК еріктілері ұйымдастырған «Бірлік пен құрмет жолы: Буллингке қарсы мәдениет» атты семинар-тренинг өтті.
Мақсаты: оқушылар арасында өзара сыйластықты арттыру, бірлік пен қолдау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ буллингтің алдын алу дағдыларын дамыту. Іс-шара барысында буллингтің түрлері, оның белгілері мен салдары түсіндіріліп, одан қорғану және алдын алу жолдары таныстырылды. Тренингтің маңызды бөлігі ретінде арнайы пікірталас алаңы ұйымдастырылып, оқушылар «Буллингке жол бермеу кімнен басталады?» және «Құрдастар арасындағы қолдаудың рөлі қандай?» тақырыптарында өз пікірлерін ортаға салды.
Студент-еріктілер жағдайлық тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенді қатысуына жағдай жасап, оларды бір-біріне қолдау көрсетуге ынталандырды. Жауапты тәрбиешілер:
Толыбаева А.Р.
Ахметова Г.К.
Сергазынова Г.С.
Кунанбаева Р.К.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *