🔹2025 жылғы 25 қазанында жалпы сыныптық бақылау аясында 9АК сыныбында химия пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты педагог-зерттеуші Г.Т. Ислямова өткізді. Сабақтың мазмұны мен құрылымы жаңартылған білім беру талаптарына сай. Сабақтың барысында қолданылған белсенді әдістер «Миға шабуыл», «Постер қорғау», «Венн диаграммасы» сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыларды өзін-өзі немесе өзара бағалау процесіне тарту жүзеге асты. Сабақ функционалдық сауаттылықты дамытуды ескере отырып жоспарланған. Сабақтың тапсырмалары әртүрлі дереккөздерден ақпаратты іздеу, алу және түсінік беру дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақ барысында саралау тапсырмалары ұсынылды. Деңгейлік сұрақтар арқылы оқушылардың білімдері жинақталды. Жұптық, топтық жұмыс білім алушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға ықпалын тигізді. Бағалау стратегиялар арқылы барлық оқушылар сабақтың мақсатына қол жеткізді. Сабақтың соңында тиімді рефлексия өткізілді. Сабақ кезеңдері толық қамтылды, уақыты ұтымды пайдаланды.