Перейти к содержимому

🔹Қараша айының 23 күні техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері…

  • автор:

🔹Қараша айының 23 күні техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Хамитов Ербол Мубараковичтың қатысуымен жатақхана тәрбиеленушілеренің арасында “Төтенше жағдай” тақырыбы аясында оқу — жаттығуы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Тәрбиеленушілерді төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын дұрыс қолдануға үйрету, табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Тәрбиеленушілерді .өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес ғимараттар мен мекемелер бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек екені ,өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қарапайым ережелерді білу туралы айтылды.
Тәрбиеленушілер өрт қауіпсіздігіне байланысты көптеген мағлұматтар алды. Тәрбиеленушілерді өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен таныстыру, өрт қауіпсіздігін есте сақтауға, өрт сөндіру ережесі мен оны болдырмау талаптарын үйрету, оқушыларды өртке байланысты оқыс жағдайлардан сақ болуға тәрбиелеу,, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру болды.

Жауапты тәрбиешілер: Дукешова Қ.С., Серьянов Е.Н., Аскабылова Ф.М., Қайрат Е.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *