Перейти к содержимому

🔹7К сыныбында “Оралхан Бөкей — өр Алтайдың асылы” тақырыбында ашық…

  • автор:

🔹7К сыныбында “Оралхан Бөкей — өр Алтайдың асылы” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты қазақ прозасына өзіндік қолтаңба, жаңа тыныс, өзгеше леп әкелген Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналды. Тәрбие сағатын тәрбиеші Нұрмұхаметова Мәрзия Иденқызы өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты — Оқушыларға Оралхан Бөкейдің шығармашылық жолы, артына қалдырған мұрасы туралы құнды мәліметтер беру. Оқушылардың өз елінің біртуар тұлғаларына деген мақтаныш сезімдерін ояту, интеллектуалды ойындар арқылы зияткерлік қабілеттерін, сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбие сағатында оқушылар топтық жұмыс арқылы тест сұрақтарына жауап берді. Оқушылар Оралхан Бөкей жайында видеоролик тамашалап, өз ойларын дискуссиямен талқылады. Тақырып бойынша дайындалған интеллектуалды ойындар да оқушылардың қызығушылығын туғызды, өте белсенділікпен қатысты. Кітап көрмесі де жазушының шығармаларын таныстыруға мүмкіндік берді. Қорыта айтқанда, оқушылар осы тәрбие сағатында туған жеріміздің мақтанышына айналған, қара сөздің қамшыгері атанған Оралхан Бөкей сияқты қуатты қаламгердің өмірбаянымен, шығармашылық жолымен, артына қалдырған мол мұрасымен танысты. Оқушылар Оралханша толғанып, туған өлкенің табиғатын, әр тасын, экологиясын аялауды санасына түйді. Оның шығармаларындағы кейіпкерлер әлеміне бойлады. Әр шығармасының ерекше стильде жазылғанын сезінді. Драмалық шығармаларының негізгі айтар ойына тоқталды. Әсіресе “Қамшыгер”, “Апамның астауы” әңгімелерін оқығанда, көңілге ой тастаған оқиғаларды айтып өтті. Тәрбие сағаты қызықты, мазмұнды өтті. Мұзтаудың мұзбалағындай қияға қиял сермеген жазушы ұрпақтар санасында мәңгі сақталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *