31.01.2022ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, мектеп кітапханашысы мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері 9 сынып оқушыларының арасында «Абайдың қара сөздерін оқимыз!» тақырыбында тәрбиелік сабақ өткізді.
Мақсаты:Абайдың қара сөздерін терең меңгерту,тәрбиелік мәнін түсіндіру,сөз өнерінің қыр- сырымен таныстыру. Халық даналығы ,халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық,оның адамзат тарихы мен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.
Оқушылармен мектеп кітапханашысы Абай әлеміне шолу жасай отырып, викториналық сұрақтар арқылы білімдерін шыңдады, сабақты Абай әндерімен аяқтады. Абайдың қара сөздерін қызығушылықпен оқып танысты.