Перейти к содержимому

🔹2026 жылы 27 ақпанда ЖМБ пәндер апталығы аясында информатика пәнінің…

  • автор:

🔹2026 жылы 27 ақпанда ЖМБ пәндер апталығы аясында информатика пәнінің мұғалімі Қабылшай Бейсен “Қызықты информатика” тақырыбында 7К сынбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шара пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында спорттық жарыс элементтерін пайдалана отырып, интерактивті тапсырмалар дайындалған, оқушылар компьютер және ақпарат, алгоритм, бағдарламалау, киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді, тапсырмалар орындады, есептер шығарды. Тапсырмалар оқушылардың жылдамдық, тапқырлық және логикалық ойлау қабілетін талап етті. Оқушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, топтық жұмыс арқылы шапшаң шешім қабылдай білетіндерін көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, білімге деген қызығушылықты арттырды. Оқушылар жылдамдық пен дәлдікті, тапқырлық пен логиканы ұштастыра отырып, цифрлық әлемдегі мүмкіндіктерін көрсетті. Атмосфера ерекше, бәсекеге толы әрі шабыттандыратын болды!