🗓️ 2025 жылғы 4-8 мамыр аралығында
📍 Қасым Қайсенов ауылы, ШҚО, Ұлан ауданы
Ел қаһарманы Қасым Қайсеновтің және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирі өтті. 🥊
🗓️ *2025 жылғы 4-8 мамыр аралығында*
📍 *Қасым Қайсенов ауылы, ШҚО, Ұлан ауданы*
*Народ қаһарманы Қасым Қайсеновтің* және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирі өтті. 🥊Мектебіміздің спортшылары жүлдегер атанды:
1-орын 🥇 Болатқан Арнұржомарт 60 с/д
1-орын 🥇 Мейрамбек Алихан 75 с/д
3-орын 🥉Еркен Тайырхан 46 с/д
3-орын 🥉Ұлықбеков Тамирлан 70 с/д
💥 Турнирге еліміздің әр өңірінен – Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары мен Алматы қаласынан келген 13 команданың 120-ға жуық спортшысы қатысты.
📅 Бұл жарыс 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Бастапқыда облыстық деңгейде басталған турнир бүгінде республикалық дәрежеге жетіп, соңғы жылдары халықаралық деңгейде де танылып отыр.
🕊️ Жарыс алдында қатысушылар Қасым Қайсенов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның ерлігін еске алды.
🇰🇿 Бұл турнир – спорттық дода ғана емес, жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған маңызды іс-шара.
🎉 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!