🔹2024 жылдың 17 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі » КММ 7, 8, 9, 10, 11 сыныптың ұлдары, қыздарына Солжағалау полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Түкеев Мәди Қайратұлы қатысуымен «Буллинг», «Қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу», «Бопсалау», «Жыныстық қол тиіспеушілік», «Электронды темекі» тақырыптарында құқық сабағы өтті. Тақырыптар аясында оқушыларға толық мағлұмат берілді, ақпараттар оқушылар үшін пайдалы болды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынды.
@shqo_sport_basqarmasy
@oskemen_police
@eastkazpolice