2022 жылдың 09 желтоқсанында 10А сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті. Мұғалім Тоқтасынова Г.Т. Сабақта оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған әдістер қолданылды. Тақырыпқа байланысты қызықты сұрақтар оқушылардың айтылым әрекеттерін дамытуға ықпал етті. Мәтінмен жұмыс кезінде пайдаланған «Фишбоун» әдісі мәтіннен деректі ақпаратты, мәтінде көтерілген мәселені анықтауға және оған қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Сабақ барысында оқушылардың критерийлер арқылы өзара бағалау дағдылары қалыптасқаны байқалды. Сабақ толығымен қазақ тілінде өтті. Сабағыңызға үлкен рахмет.