2022 жылдың 08 желтоқсанында 10БК сыныбында Алғашқы әскери және технологиялық дайындығы пәнінен ашық сабақ өтті. Мұғалім Мейрбекова Г.М. Сабақ құрылым жаңартылған білім беру талаптарына сай өтті. Сабақ құрылымы, мазмұны оқу мақсатына сәйкес жоспарланған. Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары байқалды. 10 сынып оқушылары белсенді жұмыс атқарды. Топ,жұп болып ұсынылған тапсырмаларды аса жауапкершілікпен бірлесе отырып орындауға тырысты. Сабақта қолданылған белсенді әдістер және қалыптастырушы бағалау стратегиялары әр білім алушы оқыту процесіне тартты. Сабақ өте қызықты және тартымды өтті. Сабағыңызға рақмет!