Перейти к содержимому

2022 жылдың 06 желтоқсанында Lesson study зерттеу аясында 8 БК…

  • автор:

2022 жылдың 06 желтоқсанында Lesson study зерттеу аясында 8 БК сыныбында қазақстан тарихынан ашық сабақ өтті. Мұғалім: педагог-зерттеуші Оспағалиева Г.А Сабақтың тақырыбы: «Қырғыз»Қазақ)АКСР-ының құрылуы. Сабақ әдістемелік тұрғыдан өте жоғары деңгейде өтті. Сабақтың мазмұны мен мақсаты талаптарға сай құрылған.
Мұғалім сабақта Learningapps.org қосымшасы арқылы «Бәйге» әдісімен өткенге шолу жасады. Сабақта «Сәйкестендіру, «Түртіп алу әдісі», «Топтық жұмыс», «SWOT талдау» әдістерін мұғалім тиімді қолданды. Топтық жұмыс арқылы «Апликация әдісі, Құжатты фильм, Интеллект карта» тәсілдері пайдалана отырып оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытты.
Сабақ соңында «Жетістік баспалдағымен» кері байланыс орнатылды. Сабақта ұсынылған тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың белсенділігі мен қызығушылы арта түсті. Сабақ қызықты да,тартымды өтті. Сабағыңызға үлкен рахмет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *