Перейти к содержимому

2021жылдың 20 ақпан күні » Ауғандағы азап шеккен арыстар «,…

  • автор:

2021жылдың 20 ақпан күні " Ауғандағы азап шеккен арыстар ", — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.Бұған дәлел бүгінгі мектеп жатақханасында қонақ болған ауған соғысының ардагері, 1987-1989 жылы Кабул қаласында сержант иесін алып, бөлімше командирінің орынбасары дәрежесінде әскери міндетін атқарған. Қазіргі таңда құрмет демалысындағы майор Орамалов Серік Советханұлы. Ардагер ағамыз ерлік пен батырлық туралы әсерлі естеліктер айтып, оқушылардың патриоттық сезімдерін оятты. Сұрапыл жылдары ауғанның от-жалынында жауға тайсалмай қарсы тұрып, өліммен неше мәрте бетпе-бет келген сіздердің ерліктеріңіз жас ұрпаққа үлкен үлгі, өнеге. Құрметті Серік Советханұлы ! Мерекеңіз құтты болсын. Қатарларыңыз сиремей , елдің рухын көтеріп, жылдан — жылға, аман — есен жүре беріңіз демекпіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *